2020 жылдың 1 қыркүйек күні Парламент палатасы мәжілісінде ҚР мемлекетінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа ақиқаттағы Қазақстан: жүзеге асыру уақыты» атты Жолдауын жасады. Ел Президентінің өз халқына кезекті Жолдау жасауын орынды деп білеміз. Себебі Жолдау біздің мемлекетіміздің дамуы үшін бір белес және ол стратегиялық маңызы бар құжат болып табылады. Қазақстан Президентінің Жолдауындағы негізгі мәселелер - біздің гүлденуші мемлекетіміздің дамуы үшін қарастырылған төмендегі бағыттардан тұрады:
Біздің колледжіміз өзінің барлық қызметін алдағы жарқын болашақта біздің елімізді гүлдендіретін жастарға арнауда. Соңғы жылдары колледждегі барлық білім беру жүйесін еңбек нарығына қажетті болашақ мамандардың құзіреттілігін қалыптастыруға ұмтылып келеміз.
Біздің өміріміздің ісі – жұмысшы жастардың, орта буын мамандарының кәсіби және мәдениетті деңгейін қалыптастыру. Сондықтан да Қазақстан халқына Президенттің Жолдауының басты бағыттарының бірі - балалар мен жастардың білім алуы, қауіпсіздігі және әл-ауқаты екендігі бізді қуантады. Бұл тек қана білім беру мәселесі ғана емес, сонымен қатар физикалық және рухани денсаулыққа да қатысты. Бұл тақырып техникалық және кәсіби білім беретін барлық жұмыскерлерге арналған.
«Цифрландыру – бұл сәнді үрдісті қуалау емес, ұлттық бәсекеге қабілеттілікке жетудің басты құралы» - деді Президент. Соңғы жарты жылда біздің колледжіміздің оқытушылары мен студенттерінің цифрлі сауаттылықтарының деңгейі цифрлі және қашықтықтан оқыту мүмкіншілігі айтарлықтай жақсарды, өзін-өзі дамыту мақсатындағы күнделікті кездесіп отырған жаңа жағдайларға қарап, өзімізді жаңа қазіргі мемлекеттің азаматтары ретінде сезіне аламыз.
Қазақстан халқы Президентінің Жолдауын ұжымымыздың ішінде талқылай отырып, Парламент палатасының мәжілісімен бірлескен мемлекет басшысының белгіленген барлық тапсырмалары мен басымдықтары жүйелі түрде жүзеге асатындығына сенім білдіреміз.