Сандықтау ауданына қарасты Каменка селосындағы №2 агротехникалық колледж орта буын жұмысшы кадрларын дайындауда өзіндік орны бар оқу орны. Соңғы жылдары мұнда да дуальді оқу жүйесі жүзеге асуда. Демек, ауылға баратын жастар оқу мен еңбекті ұштастыру үстінде.
Бүгінгі таңда колледж студенттері егін орып, картоп жинауда.
Азын-аулақ картоп алқабын колледж студенттері өндірістік оқу шеберлерінің жетекшілігімен көктемнен бастап күзге дейін өздері күтіп баптады. Арам шөптен отап, түптеу жұмыстарын агро-техникалық шараға сай жүргізді. Бүгіндері соның түпкі нәтижесін көруде.
КРИСТИНА ШЕСТЕРНЕВА, КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ
Мен болашақ фермермін. Сол себептен ауыл шаруашылығының науқандық кезеңдерінде атқаратын жұмыстың жүйесін білуге тиістімін. Оны біз колледж қабырғасында теория арқылы оқып, өндірістік учаскелерде тәжірибеден өткізіп жатырмыз.
ЕВГЕНИЙ МАЭР, КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ
Ауылдық жерде туып өскендіктен жердің қадірін білемін. Және әке мен ағаларым да ауыл шаруашылығының мамандары. Колледжде оқу өте қызықты. Әсіресе, науқандық жұмыстарға қатысқанды жақсы көремін.
Теория мен тәжірибені қатар жүргізетін болшақ жұмысшылар колледж қабырғасында жүрген кезінде, егін орып, картоп жинайды. Өзге де жұмыстарға белсене араласады.
МАХАМБЕТ ДОСЫМБЕКОВ, №2 АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Студенттеріміз колледжге түскен күннен бастап теория мен практиканы қатар алып жүреді. Болашақ фермерлер мен аспаздар өзге де мамандық иелері науқандық жұмыстарға қуана барады. Мәселен, біздің студенттер Сандықтау ауданының бірнеше іргелі шаруашылықтарында тәжірибеден өтеді. Бұл дуальдік оқудың жемісі деп санаймын.
Колледж студенттерінің еңбекке деген ынтасы зор. Күні ертең олар өз ауылдарына барып, егін және мал шаруашылығымен өркендетуге үлес қосады. ОҚУ МЕН ЕҢБЕК ЕГІЗ...
Сандықтау ауданына қарасты Каменка селосындағы №2 агротехникалық колледж орта буын жұмысшы кадрларын дайындауда өзіндік орны бар оқу орны. Соңғы жылдары мұнда да дуальді оқу жүйесі жүзеге асуда. Демек, ауылға баратын жастар оқу мен еңбекті ұштастыру үстінде.
Бүгінгі таңда колледж студенттері егін орып, картоп жинауда.
Азын-аулақ картоп алқабын колледж студенттері өндірістік оқу шеберлерінің жетекшілігімен көктемнен бастап күзге дейін өздері күтіп баптады. Арам шөптен отап, түптеу жұмыстарын агро-техникалық шараға сай жүргізді. Бүгіндері соның түпкі нәтижесін көруде.
КРИСТИНА ШЕСТЕРНЕВА, КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ
Мен болашақ фермермін. Сол себептен ауыл шаруашылығының науқандық кезеңдерінде атқаратын жұмыстың жүйесін білуге тиістімін. Оны біз колледж қабырғасында теория арқылы оқып, өндірістік учаскелерде тәжірибеден өткізіп жатырмыз.
ЕВГЕНИЙ МАЭР, КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ
Ауылдық жерде туып өскендіктен жердің қадірін білемін. Және әке мен ағаларым да ауыл шаруашылығының мамандары. Колледжде оқу өте қызықты. Әсіресе, науқандық жұмыстарға қатысқанды жақсы көремін.
Теория мен тәжірибені қатар жүргізетін болшақ жұмысшылар колледж қабырғасында жүрген кезінде, егін орып, картоп жинайды. Өзге де жұмыстарға белсене араласады.
МАХАМБЕТ ДОСЫМБЕКОВ, №2 АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Студенттеріміз колледжге түскен күннен бастап теория мен практиканы қатар алып жүреді. Болашақ фермерлер мен аспаздар өзге де мамандық иелері науқандық жұмыстарға қуана барады. Мәселен, біздің студенттер Сандықтау ауданының бірнеше іргелі шаруашылықтарында тәжірибеден өтеді. Бұл дуальдік оқудың жемісі деп санаймын.
Колледж студенттерінің еңбекке деген ынтасы зор. Күні ертең олар өз ауылдарына барып, егін және мал шаруашылығымен өркендетуге үлес қосады.