Текст
25.04.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында студенттер тыл еңбеккері, соғыс баласы Покидченко Мария Федосеевнаға еріктілер көмегін көрсетті.
Балалар үй іргесіндегі учаскені тәртіпке келтіруге көмектесті: арам шөпті жинап, жолдарды сыпырды, жапырақтарды жинап, бақшаны қоқыстан мұқият тазартты.
Мұндай акцияларды өткізу аға буынға деген құрмет сезімін тәрбиелейді және заманның байланысын нығайтады. Студенттер Мария Федосеевнаға жылы қабылдауы үшін алғыс айтып, алдағы уақытта да көмектесуге дайын екендіктерін білдірді.