Наурыз мейрамы.
Наурыз көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алаған. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады, әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады.
Наурыз мерекесі Каменка ауылында да жоғары белсенділікпен тойланды. Мереке аудандық бауырсақ-шоумен басталып, Каменка ауылдық алаңындағы арнайы мерекелік бағдарлама аясында жүзеге асырылды. Аудандық мәдениет үйінің әртістері де, өз өнерлерін ортаға салды. Дәстүрлі ойындар ойнатылып, арнайы жүлделер тағайындалды.
Біздің колледж студенттері: Муга Владимир, Сейтжанов Азат және Усанов Юри дәстүрлі ойындар арасында жүлдегер атанып, сыйақыға шошқа, қоян, қораз берілді. 60 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы 100 метрге жүгіруден жарыс өткізілді.
Мереке соңында Наурыз-көже, палау, бауырсақ, чебуреки және тағы басқа тәттілер көпшілікке үлестірілді.
Кітапханашы И.Н. Мельник