Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Ауылшаруашылық колледжі, Сандықтау ауданы Каменка ауылы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Ауылшаруашылық колледжі, Сандықтау ауданы Каменка ауылы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Egov Mobile қосымшасындағы «Сандық құжаттар» қызметіне арналған пайдаланушы нұсқаулығы

16.04.2021

   «EGov Mobile» электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы.

EGov mobile электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы Play Market (талап етілетін Android нұсқасы - 5.0 немесе одан кейінгі), AppStore (талап етілетін iOS нұсқасы - 11.3 немесе одан кейінгі) дүкендерінде жүктеу үшін қолжетімді (тегін). Мобильді қосымшаны пайдалану үшін пайдаланушы - жеке тұлға «Электрондық үкімет» порталында тіркелуі тиіс (egov.kz) мұнда толығырақ.

                                                                                                              

  Мобильді қосымшалардың басты беті

                                                              

Қосымшаның негізгі бетінде қосымшамен жұмыс істеу бойынша пайдаланушы үшін қысқаша нұсқаулар ұсынылған. Нұсқаулар сториз түрінде жасалған.

Жоғарғы оң жақ бұрышында QR код сканері бар, ол арқылы eGov мобильді қосымшасында электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда, үшінші тұлғалардың цифрлық құжаттарына кіре аласыз немесе egov.kz электрондық үкімет порталында авторизациядан өте аласыз.

«Танымал қызметтер» бөлімінде ең қажетті анықтамалар  көрсетілген, қызметтердің толық тізімін «Барлық қызметтер» сілтемесіне немесе «Каталог» бөліміне өту арқылы таныса аласыз.

Сондай-ақ, басты бетте қосымшалар дүкені орналасқан:

  • «Цифрлық құжаттар» - eGov Mobile қосымшасында жеке электрондық құжаттарды сақтау  сервисі. Сондай-ақ, сервис азаматқа оның келісімі бойынша үшінші тұлғаларға құжаттарға қолжеткізуге мүмкіндігін береді.
  •  «Электрондық еңбек биржасы» - жұмыс іздеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң. Осы сервис арқылы сіз:

- түйіндеме жасауға, жұмыс берушілерден сұхбаттасуға шақыру алуға, бос жұмыс орнына жауап беруге немесе шақырудан бас тартуға;

- көрсетілген параметрлерге сәйкес бос жұмыс орындарына жазылым жасауға және электрондық пошта арқылы хабарлама алуға.

 

  • - кәсіби бағдарлау тестінен өтуге, нәтижесін алып, Сізге ең жақын кәсіпті анықтауға болады.
  • «Денсаулық паспорты» пациенттің денсаулық жағдайы туралы құрылымдық ақпарат сақталатын клиникалық құжатты, сондай-ақ медициналық ұйымға тіркелу деректерін, диспансерлік есепке алуды, стационарлық деректерді, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін және iOS-қа құжатты   «Денсаулық» бағдарламасына енгізу мүмкіндігімен т.б. алуға мүмкіндік береді.

«Хабарлама» бөлімінде қызмет мәртебесінің өзгеруі туралы барлық хабарламаларды қарауға болады.

«Профильде» әртүрлі мемлекеттік деректер қорынан жеке ақпараттар, сондай-ақ қосымшаны баптаулар көрсетіледі.

Авторизация

    

                                                                                                                                     

Қосымшада авторизациялауға файлдық ЭЦҚ көмегімен немесе бір реттік пароль арқылы болады (пайдаланушы МАБ-да тіркелуі тиіс).

           1. Қолданыстағы  ЭЦҚ-ны қалай жүктеуге болады​?

Егер сіздің телефоныңыз Android платформасында болса, ЭЦҚ-ны ұялы телефонға USB кабелі арқылы әдеттегі файл ретінде жүктеуге болады. Смартфонды USB кабелі арқылы компьютерге қосыңыз, «Менің компьютеріміне» кіріңіз, онда алмалы-салмалы жеткізгіштер көрсетілетін болады, кейін смартфонның жад картасына (AUTH, RSA-.....p12) ЭЦҚ көшіріңіз. 
Егер сізде iOS операциялық жүйесінде телефон болса, сертификатты жүктеу үшін төмендегі іс-әрекеттерді орындау қажет: 
1. Компьютеріңізге iTunes бағдарламасын орнатыңыз.
2. USB кабелін пайдаланып, смартфонды компьютерге қосыңыз.
3. ITunes-ке кіріп, құрылғы түймешігін басып, Жалпы файлдар» түймесін басыңыз.
4. Сол жақ тізімде eGov mobile бағдарламасын таңдаңыз.
5. «Қосу» түймесін басып, көшірілетін ЭЦҚ файлдарын таңдап, «Қосу» түймесін басыңыз.

    1. Бір реттік пароль бойынша авторизациялау (SMS кіру).

                   

                                                   

Сіздің ЖСН-ді және Мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелген телефон нөмірін енгізіңіз, нөмірге коды бар смс хабарлама жіберіледі, оны авторизациялау үшін мобильді қосымшаға енгізу қажет.

 

       - ЭЦҚ алу

- Мобильді азаматтар базасында тіркелу (МАБ)

- Электрондық үкімет порталында тіркелу (egov.kz).

                              

EGov mobile мобильді қосымшасында жаңа пайдаланушыны тіркеу жеңілдетілді.
Биометриялық сәйкестендіру аяқталғаннан кейін Сіз бірден:
• ЭЦҚ аласыз;
• мобильді азаматтар базасында тіркелесіз (МАБ);
• «электрондық үкімет» порталында тіркелесіз (egov.kz).
Ол үшін Сіз:
1. Авторизация бетінде "Тіркелу" батырмасын басыңыз.
2. Digital id беті ашылады, "Жалғастыру" тбатырмасын басыңыз.
3. Телефон нөмірін, SMS-тен тексеру кодын енгізіңіз, Digital id-ге тіркеліңіз.
4. Бейне сәйкестендіруден өтіңіз.
EGOV mobile-ға жеке өзіңіз туралы  деректер мен телефон нөміріңізге кіруге рұқсат етіңіз.
5. Сіз өзіңіз ойдағыдай расталғаннан кейін тексеру сұрақтарына берген жауаптарыңызды енгізіңіз: жеке куәлігіңіздің нөмірі және туған күніңіз, содан кейін "Жалғастыру" батырмасын басыңыз.
6. "ЭЦҚ шығару" беті ашылады, электрондық пошта мекенжайын толтырыңыз және ЭЦҚ үшін парольді енгізіңіз (бұл пароль, егер бұрын ЖК-да тіркеу болмаса, ЭҮП-дағы ЖК-ға да пароль бола алады), одвн әрі "жалғастыру" батырмасын басыңыз.
7. Жаңа бетте "тіркеуді аяқтау" батырмасын басыңыз.
8. Сәтті тіркелгеннен кейін бағдарламаға жылдам кіру кодын орнатыңыз және Face id/touch id байланыстырыңыз.
 

 

Ескертпе: eGov mobile мобильді қосымшасынан шығарылған ЭЦҚ сертификаттары eGov mobile мобильді қосымшасында ғана пайдаланылуы мүмкін. ЭЦҚ расталған кілттері eGov mobile мобильді қосымшасының контейнерлік қоймасында сақталады, басқа бағдарламаларға экспорттала алмайды және eGov mobile қосымшасы жойылған кезде жойылады.

  Қашықтықтан сәйкестендіру арқылы      алынған ЭЦҚ қайта шығаруға   жатпайды

 

 

 1. Профиль 

                                                  

                     

Мобильді жеке профильде пайдаланушыға төмендегі бөлімдерді қарауға болады:
• Менің ЭЦҚ
• Мекенжайы
• Отбасы
• Жеке құжаттар
• Денсаулық
• Әлеуметтік мәртебе
• Бизнес
• Авто
• Жылжымайтын мүлік және мүлік
Сондай-ақ, пайдаланушыларға қосымшаның бірқатар  баптаулары қолжетімді, сондай-ақ:
Пайдаланушыларға қосымшаның бірқатар параметрлері қол жетімді, сонымен қатар:
- Жиі қойылатын сұрақтар
- Виртуалды ассистент
-Бізбен хабарласыңыз
2.Қызметтер каталогы.
                    

Қызметтер каталогында санаттар кесіндісіндегі қызметтер ұсынылған. Қызметке тапсырыс беру кезінде қызметтің атауы, құны, көрсету мерзімі көрсетіледі, сұрау салуға қол қойылғаннан кейін мәртебелік бет ашылады, мәртебені жаңарту үшін оң жақ жоғарғы бұрышындағы батырмаға басу қажет, одан кейін қызмет көрсету нәтижесімен танысуға болады.

             3. Хабарламалар және Тапсырыс тарихы

                      

                                                             

«Хабарламалар» бөлімінде сіз қызмет мәртебесінің өзгеруі туралы барлық хабарламаларды көре аласыз.

«Тапсырыстар тарихы» бөлімінде сіз барлық тапсырыс берілген қызметтерді көре аласыз.

                                                                                                              Барлық сервистер 
                                                             
                                                          

 

Басты бетте қосымшалар дүкені орналасқан:

«Цифрлық құжаттар» - eGov Mobile қосымшасында жеке электрондық құжаттарды сақтау  сервисі. Сондай-ақ, сервис азаматқа оның келісімі бойынша үшінші тұлғаларға құжаттарға қолжеткізуге мүмкіндігін береді.

Құжаттарды қарауға болады, жүктеу бойынша опциялар жоқ.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Жеке тұлға ЭЦҚ немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, eGov Mobile-да авторизациялану және «Цифрлық құжаттар» бөлімінде қажетті құжатты таңдау қажет. eGov Mobile мәліметтер үшін жауапты ҚР мемлекеттік органдарының сервистерін шақыру арқылы құжатты жүктейді. Құжатты қарау экранында «Қолжетімділікті ашу» батырмасын басқан кезде 5 минут ішінде құжатты қарауға рұқсат беретін бір реттік QR-код жасалады. Үшінші тұлға eGov Mobile-да ЭЦҚ немесе бір реттік парольді  пайдалана отырып авторизацияланып, eGov Mobile сканері арқылы QR-кодты оқиды (QR-кодта шифрланған қолжетімділік коды оны 30 минутқа дейін ұзарту мүмкіндігімен 5 минут ішінде жарамды). eGov Mobile ҚР мемлекеттік органдарының сервистерін шақыру арқылы рұқсат берілген құжатты жүктейді.

     Нәтижесінде, үшінші тұлғаның ҚР мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен алынған құжатты бір рет қарау мүмкіндігі бар.

 


 

                                                             

                                                           

«Электрондық еңбек биржасы» - жұмыс іздеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң. Осы сервис арқылы пайдаланушы:

- түйіндеме жасауға, жұмыс берушілерден сұхбаттасуға шақыру алуға, жұмысқа орналасуға немесе шақырудан бас тартуға;

- көрсетілген параметрлерге сәйкес бос жұмыс орындарына жазылым жасауға және электрондық пошта арқылы хабарлама алуға.

- кәсіби бағдарлау тестінен өтуге, нәтижесін алып, Сізге ең жақын кәсіпті анықтауға болады.

 

                                                                  

                                                                    


 

                                                                      

                                                                                                                     

 

 

 

 

 

 

«Денсаулық паспорты» пациенттің денсаулық жағдайы туралы құрылымдық ақпарат сақталатын клиникалық құжатты, сондай-ақ медициналық ұйымға тіркелу деректерін, диспансерлік есепке алуды, стационарлық деректерді, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін және iOS-қа құжатты   «Денсаулық» бағдарламасына енгізу мүмкіндігімен т.б. алуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

«Зейнетақы калькуляторы» - сіздің болашақ төлемдеріңіздің болжамды мөлшерін есептеуге мүмкіндік береді. Зейнетақы төлемінің мөлшерін дұрыс есептеу үшін калькулятордың қарастырылған барлық жолдарын толтыру қажет.

Сіз жасаған есеп алдын ала жасалған есеп екенін хабарлаймыз, кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін түпкілікті есептеу сіздің БЖЗҚ кеңсесіне өтініш жасау фактісі бойынша жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • b4147edb5299c551f92b784e7ffc2a64.jpg
  • инструкция сервиса «Цифровые документы».docx


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 16.04.2021 12:07
Құрылған күні: 16.04.2021 12:12

Текст