Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Ауылшаруашылық колледжі, Сандықтау ауданы Каменка ауылы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Ауылшаруашылық колледжі, Сандықтау ауданы Каменка ауылы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Латын әліпбиіне көшу - заман талабы

20.10.2017

Латын әліпбиіне  көшу - заман  талабы

«Біз  алдағы уақытта  да  мемлекеттік тілді  дамыту  бағытындағы кешенді

жобаларды  жүзеге  асыруды табандылықпен  жалғастыра  береміз. Қазақ 

алфавитін 2025  жылға  қарай латын  графикасына  көшіруге  дайындық

жұмысын  осы  бастан қолға  алу  қажет. Бұл қазақ  тілін 

жаңғыртып  қана  қоймай, оны  осы  заманғы  ақпараттың  тіліне  айналдырады»

 

                                     ҚР Президенті Н.Назарбаевтың  Жолдауынан.

 

 

    Қазақ  әліпбиін  латын  қарпіне  көшіру үдерісіне  қатысты ақпараттық  түсіндіру жұмыстарын  жүргізу  мақсатында 19.10.2017 жылы «Латын  әліпбиіне көшу  заман  талабы» тақырыбында  №2 Агротехникалық  колледж  студенттерімен  сынып жетекшілері  және өндірістік  оқыту шеберлері  арасында  ақпараттық түсіндіру сағаты  өткізілді. Ақпараттық  сағатты  қазақ тілі  мен әдебиеті  пәнінің оқытушысы  Есболова  Гульзира Алиевна  және  колледж әдіскері Тукенова  Гүлім  Серіковна өткізді.    

     Латын әліпбиіне  көшудің  ең басты  қажеттілігі  неде? Осы  сұраққа  Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев  Жолдауда 

сөйлеген  сөзінде: «... ең  бастысы – қазақ  тіліне жаңғыртуға  жағдай туғызады», - деген  болатын. Қоғам  пікіріне келер болсақ, латын  әліпбиіне көшу  мәселесінде зиялыларымыздың  басым  көпшілігі өркениетті  қоғам   тұтынатын латын  таңбалы  әліпбиге көшкеніміз  дұрыс дейді. Біз  бұл пікірді  қолдаймыз. Өйткені, латын  әліпбиін  қазіргі таңдағы  әлем  халықтарының жетпіс  пайызы  қолданады. Сонымен  қатар, латын  әліпбиіне  негізделген  

ағылшын  тілі  халықаралық тіл  интернет  және ғылым  тілі  болып отырғаны да баршаға  аян. Латын  әліпбиіне  көшу арқылы  біз  әлемдік қауымдастыққа,  интернет  аймағына еркін  ене  аламыз және  Өзбекстан, Әзірбайжан,

Түркия сынды  түбі  бір түркі  бауырларымызбен  байланысымыз да  нығая  түсері айқын.

     Шынында да,  әліпби  ауыстырудың саясатқа да,  басқаға да қатысы  жоқ, ең басты қажеттілігін тілдің  өзі

талап  етіп  отыр. Тілдің ішкі-сыртқы  жағдайы  қазіргі жазудың  (орфография)  айтылымға (орфоэпия) кері әсер  етіп, өзге тілден  кірген сөздердің  салмағы арта түсіп,  кірме  дыбыстардың төл  сөздеріміздің фонетика-грамматикалық 

талаптарын  бұза  бастауы секілді түрлі  жағдайлар  әліпби  өзгерту мәселесінде ойлануды  талап  етеді.

    Жазу – барлық  халыққа ортақ, мәдениеттерді жалғастырушы,  байланыстырушы  құндылықтардың  бірі. 

Халықтың  ғасырлар  бойы игерген  барлық  жетістіктері жазу  мұрасы  арқылы танылады.

     Ақпараттық сағат  барысында  латын әліпбиіне негізделген  қазақ  әліпбиі турасындағы  сан  алуан 

пікірлер жайында бірнеше видеороликтер  көрсетіліп,  педагог мамандар  мен  өндірістік оқыту  шеберлері  және 

студенттер  тарапынан  сан алуан  пікірлер айтылды. Айтылған  пікірлердің  басым бөлігі,  жаңа  әліпбиді қолдады. 

Просмотров: 355


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст