Сандықтау ауданы Каменка ауылындағы Агротехникалық колледжінің студенттері үшін «Қазақ тілін үйренейік» атты үйірме жұмыс жасайды. Студенттер үйірмеде мемлекеттік тіл - қазақ тілін үйренумен қатар, олардың рухани дүниесінің кеңеюіне, ақыл-ойы мен сана-сезімінің дамуына ықпал жасалып, мемлекеттік тілімізде ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін дамытады.
2020 жылдың 11 желтоқсанында «Қазақ тілін үйренейік» атты үйірме «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі» тақырыбында колледж студенттерімен бірге іс-шара өткізді. Іс-шарада студенттерге тіл туралы бейнебаяндар көрсетілді. Олар қазақ тілінде мақал-мәтелдер айтудан жарысып, тұрақты сөз тіркестерінің мағынысын ашып, грамматикалық сұрақтарға белсенді түрде жауап берді. Тіл туралы белгілі адамдардың ұлағатты сөздері туралы ой бөлісті.