9.09.2020 ж. Ф-21тобында Қазақстан халықтары тілдері апталығына арналған «Тілім менің – өмірімнің айғағы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: ҚР әрбір азаматы ана тілінде сөйлеуге, сонымен қатар қарым-қатынас, білім алу және шығармашылық тілін еркін таңдауға құқығы бар. Әртүрлі ұлттардың тілдері мен дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту. Туған тіліне және туған жеріне деген махаббат пен құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Мемлекеттік тілді білуге қызығушылықтарын оятып, халықтың мәдени мұрасын білу арқылы патриотизм сезімін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқып-үйренуге ұмтылу;
2. Қазақстан аумағында тұратын халықтардың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптарын білу;
3. Тілдерді құрметтеп, оларды оқып-үйренуге және білуге ұмтылу.
Іс-шара барысында студенттер Қазақтан аумағында тұратын және басқа да халықтардың тілдері туралы өз білімдері туралы ой бөлісті. Сұрақтарға жауап берді, сөзжұмбақтарды, суретті жұмбақтарды т.б. шешуде бір-бірімен сайысқа түсті.