Текст
Қазақстан халықтары тілдерінің апталығында колледж кітапханасында «Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Н.Назарбаевтың: «Біздің тарихымыздан мен екі маңызды сәтті ерекше анықтадым. Біріншісі, әрине біздің ата-бабаларымыз өз қаны мен өмірін аямай, қорғаған - қасиетті жеріміз. Екіншісі, ата-бабаларымыздың арқасында өзінің ғажайып әдемілігін сақтап, қазіргі уақытқа дейін жеткен - тап-таза, мөлдір қазақ тілі». Көрменің материалдары студенттер мен инженерлік-педагогикалық құрамды әлем тілдері туралы қызықты мәліметтермен, белгілі адамдардың тіл туралы ойларымен, кітапханадағы тіл туралы кітап материалдарымен таныстырды.