Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Ауылшаруашылық колледжі, Сандықтау ауданы Каменка ауылы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Ауылшаруашылық колледжі, Сандықтау ауданы Каменка ауылы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8-наурыз мерекесі

07.03.2018

8-наурыз  мерекесі

      07.03.2018 жылы  «Шуақты көктем  мерекесі»  тақырыбында 1-курс  СПП-11 тобында 8-наурыз  Халықаралық  әйелдер мерекесіне  арналған  тәрбие сағаты  өткізілді.  Тәрбие сағатында оқушылар  8 наурыз  мерекесінің шығу  тарихы  туралы төмендегідей  мәліметпен танысты.

       8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі 1857 жылы Нью-Йорк қаласында болған көтеріліспен байланысты.Бұл көтеріліске тігін шеберханаларымен аяқ киім фабрикасында еңбек ететін әйелдер шыққан

болатын. Олардың қойған талаптары:

    10-сағаттық жұмыс, жарық және құрғақ бөлмелерде жұмыс жасау, ер азаматтардың алатын жалақы мөлшерімен бірдей жалақы алу еді. Ол кезде әйелдер қауымы тәулігіне 16-сағат жұмыс жасап, еңбек ақыларына болмашы жалақы алатын болған. Ерлер өздерінің табандылықтарының арқасында жұмыс уақытын 10-сағатқа түсірген болатын. АҚШ-тың көптеген мекемелерінде кәсіподақ ұйымдары құрыла бастады. 1857 жылдың 8-наурызынан кейін

әйелдер қауымының да кәсіподақ ұйымы құрылды. Бұл ұйымның  бірінші мүшелері болып әйелдер тіркелді. Дәл осы күні АҚШ-тың көптеген қаласында өздеріне  дауыс беру құқығын беруді талап етіп жүздеген әйелдер

көтеріліске шықты.

       1910 жылы Копенгаген қаласында өткен Халықаралық социалист әйелдердің конференциясында  Клара Цеткин  8 наурыз күнін Халықаралық әйелдер күні мерекесі етіп жариялауды ұсынды, және де өз құқықтарымен теңдіктері үшін күресуге шақыратын үндеуін оқыды.  Бұл үндеу дүнижүзінің көптеген елінің

әйелдерінен қолдау тапты олар тек ғана өз құқықтар үшін күресуді ғана емес кедейшілікке, еңбек ету құқығымен ар-намыстың тапталмауына және де бейбітшілік үшін күресетіндерін білдірді. Алғаш рет бұл мейрам 1911 жылдың  19-наурыз күні Австрия, Дания, Германия және Швецария елдерінде аталып өтті. Дауыс беру құқығымен үлкен лауазымды орындарды иеленумен қатар әйелдер  өндірісте

ерлермен бірдей құқықтарға қол жеткізді.  1912 жылы бұл мереке 12-мамырда тойланды.

      Билікке Кеңес Одағы келісімен 8 Наурыз мерекесін мемлекеттік мереке  ретінде қабылдады.

1965 жылдан бастап бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленді.

      Кеңес Одағы тараған соң да бұл мереке ТМД елдерінде аталып өтіледі. Қазақстанда,  Азербайжанда, Грузияда, Қырғыстанда, Молдовияда, Тәжікістанда, Түрікменстанда, Украинада, Беларусияда Халықаралық әйелдер күні болып тойланса,  Өзбекстанда «Аналар күні», Арменияда «Сұлулық пен аналар» күні ретінде 7-сәуір күні тойланады.

Просмотров: 388


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст