Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Ауылшаруашылық колледжі, Сандықтау ауданы Каменка ауылы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Ауылшаруашылық колледжі, Сандықтау ауданы Каменка ауылы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абайды білмек парыз ойлы жасқа

28.02.2018

Абайды  білмек  парыз  ойлы  жасқа

 

          2018 жылы  ақпан  айының  23 жұлдызында   Алматы қаласы  Қазақстан  Республикасы Жазушылар  одағының  мәжіліс залында  «Тәуелсіз  ел жастары»  қоғамдық  қорының бастамасымен  ақын,  ұлы ойшыл, философ Абай  Құнанбайұлының  қара сөздерін  мәнерлеп  жатқа оқудан «Абайдың  асыл  мұрасы» атты І Республикалық 

оқушылар  арасында,  сайыс өтті. Сайысқа  Республикамыздың  түкпір-түкпірінен  жүзден аса оқушылар  қатысып өз

бақтарын  сынады.  Сайысқа белгілі Абайтанушы, ф.ғ.к., «Хакім Абай» ғылыми-зерттеу институтының

директоры Жабал Шойынбет, Қазақ және Шалқар радиоларының Алматы студиясының жетекшісі, айтыскер ақын  Бақыт  Жағыпар, Қазақстанның еңбек сіңірген  қайраткері, актер  Болат Әбділманов   қазылық етті. Сайыс  қорытындысында  жүлделі орындармен  және «Ыстық қайрат», «Жылы  жүрек», «Нұрлы  ақыл», «Абайдың  жас 

мұрагері» аталымдары бойынша үздік  қатысушылар  марапатталды.

       Сайысқа біздің  колледжден 1-курс, СПП-12  тобының студенті  Воликова Виолетта  Васильевна қатысып, «Абайдың  жас мұрагері» аталымы  бойынша  дипломын және  академик  М.Мырзахметовтың  «Абай лұғаты» атты  құнды  кітабын иеленді.

        Қазақ тілі  мен  әдебиеті пәнінің  оқытушысы Есболова Гульзира Алиевна  сайысқа  қатысушы шәкіртті  дайындағаны  үшін  «Алғыс хатпен» марапатталды.

Просмотров: 487


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст