Шын жүректен
Халықаралық қарттар күніне байланысты ауыл округіндегі қарттарға колледжде концерттік іс-шара ұйымдастырылып, мерекелік ас әзірленді, азық-түлік өнімдері тарту етілді.
Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат - аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады. Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, оқушылар мен студенттердің тарапынан қарияларға көмек көрсетілетін алуан түрлі жобалар ұйымдастырылып, мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалуда.
Қарттарға арнап, «Тамақтандыруды ұйымдастру» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шеберлері студенттермен бірге кулинарлық тағамдар әзірледі.
Кітапханашы И.Н. Мельник