Өндірістік іс-тәжірибе мамандыққа апарар алғашқы қадам. №2 Агротехникалық колледжінің студент жастары қыркүйек айының 2 жұлдызынан қараша айының 10 жұлдызына дейін, ауданымыздағы «Колос Золотая Нива» ЖШС, «Свободное» ЖШС, «Жабай» ЖШС, «Каменка и Д» 30 дан астам кәсіпорындармен шаруа қожалықтарында өздерінің алған білімдерін іс жүзінде дәлелдеп көрсетуде.
«Фермер шаруашылығы» мамандығындағы студенттер жиын-терін жұмыстарын жүргізу мақсатында комбайнмен егін жинауда өз көмектерін көрсетуде.
«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығындағы студенттер мейрамхана, кафе, барларда түрлі астар дайындап келушілердің көңілдерінен шығуда.
Жалпы өндірістік іс-тәжірибеге 3 курстардан төрт топ, барлығы 69 адам қатысуда.
Ал, 2 курс студенттері 24 адам өндірістік шеберлерімен бірге егіндікті жинауға көмектесуде.