Сәуір айының 27 жұлдызында «№ 2 Агротехникалық колледжінде» 3 курс студенттері 59 адам (екі мамандық «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Фермер шаруашылығы» бойынша) өндірістік іс-тәжірибеге жіберілді.
Студенттердің басым бөлігі, ауданымыздағы шаруашылық орындарына, сондай-ақ, кафе, мейрамхана, асханаларда іс-тәжірибеден өтуге бөлінді. Бір студент астанамыз Нұр-Сұлтан қаласында практикадан өтуге жіберілді.
«Максимовское» ЖШС 6 адам егін шаруашылығындағы заманауи техникалармен танысып, іс-тәжірибені жүргізуді жалғастыруда. «Кондитерлік іс» бойынша ЖК Крашанникова Иринаның басшылығымен Ситников Дмитрий торт дайындады.
Жалпы іс-тәжірибен өтуге 30-дан аса кәсіпорындарға студенттер бөлінді. Олар: «Каменка и Д» ЖШС, «Максимовксое» ЖШС, «Свободное» ЖШС, «Спасское Агро», «УНИ» ЖШС, «Колос Золотая Нива» ЖШС, «Бастау Агро» ЖШС, «Жабай» ЖШС, «Пегасс» КШ, «Барт» КШ, «Мусабаев» ЖК, «Крашанникова И.Н.» ЖК, «Фейзиева» ЖК және т.б.
Бүгінгі таңда колледжіміздің 60 жылдығы жақындап келеді, ал біз елімізге ең қажет деген басты кәсіби мамандарды даярлау үстіндеміз.