Ашық есік күні
Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау.
Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді. Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі - маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың құжатын алуыңыз керек болса, екіншісі - еңбегіңізге ақының төлену қажеттілігі. Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен маман болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет екендігі баршамызға мәлім дүние.
Мамыр айының 16 жұлдызында Каменка ауылындағы «№2 Агротехникалық колледжінде» ашық есік күні өткізілді. «Ашық есік» күні Сандықтау ауданындағы 14 мектептен оқушылар келіп, біздің колледжбен танысты. Іс-шараның мақсаты – талапкерлерге аса маңызды таңдау жасауға болашақ мамандығын таңдауға барынша көмек қолын созып, дұрыс жол көрсету.
Мектеп түлектерін колледждің материалдық базасы, кабинеттер, лабараториялар, кітапхана, оқу кабинеттері, спорт зал, жатақханамен танысты.
Ашық есік күнінде оқушылар жалпы колледж өмірімен танысып қана қоймай, сондай-ақ қызықты жарқын жиын кештің де жұмысын тамашалады.
Біздің колледждің есігі әрқашан да ашық! Сіздерді 1 қыркүйекте күтеміз!
Директордың ТЖ орынбасары
В.А. Селивёрстов