Текст
1 Мамыр
1 Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі. Бұл мереке 150 ден аса ұлт өкілдері тұратын мекендегі бірлік пен бейбітшіліктің ынтымақтастықпен жасампаздықтың мерекесі. Бүкіл адамдарды достыққа шақыратын мереке. Қазақстан Республикасындағы көпұлтты мемлекет халықтары атаулы мерекені міндетті түрде сән-салтанатымен атап өтуде.
25 сәуір күні Каменка ауылындағы №2 АТК «Бір шаңырақ астында» тақырыбында салтанатты мерекелік кеш өткізілді. Колледж студенттері мерекеде қазақ, орыс, украин, неміс, тағы да басқа Қазақстандық бірнеше ұлт өкілдерінің әндері айтылып, би биледі. Мерекелік кеш өте қызықты өтті.