Масленица мерекесі ескі славяндық мереке. Әрбір мерекенің өзіндік пайда болу тарихы, көне замандармен астасып, қойнауына түрлі жұмбақтарды аңыздарды жасырып жатады. Бұл әрине ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра болып жалғасын тауып келе жатқан қызықты көктемді шақыру мерекесі.
Масленица өте көңілді халықтық мерекелердің бірі. Бұл күні жасалуы тиіс шаралардың барлығы орындалады. Атап айтар болсақ, күннің символы ретінде дөп-дөңгелек, қып-қызыл құймақтар пісіру.
Мерекеде жасалатын салт-дәстүрлер тіпті қызық. Қысты шығарып салу, көктем мерекесін қуанышты шаттық көңілмен қарсы алу. Жылда жұмыс күндерге тура келетін мереке, бүгінгі күні демалысқа келді.
10 наурыз күні Каменка ауылындағы №2 Агротехникалық колледждің балаларымен аталған мерекені өткізу шарасы қолға алынды. Балалар үшін қызықты мерекенің әр сәті мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Көктемгі мереке жаңалықтың, жаңарудың жаршысындай болып келуін асыға күткен балалар орыс халқының халықтық әндерінен шырқады. Ән шырқап болған соң балалар тәтті құймақтардан ауыз тиіп, ыстық шайдан дәм татты.