Текст
Дені сау бала – ұлт болашағы
31 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Щучинск қаласындағы БСО базасында облыстық «Кезең» Спартакиядасы шеңберіндегі шаңғымен сырғанаудан Ақмола облыстық техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында жарыс өткізілді. Жарысқа 12 топ қатысып, шаңғымен сырғанаудағы ара қашықтық ережеге сәйкес, 5 км ер балдарға, қыз балаларға 3 км шаңғымен сырғанау қажет. №2 АТК КММ студент жастары да осы жарысқа қатысып, Сейтжанов Азат, Баймагомбетов Бауыржан, Казанцев Роман үшінші орынды иеленді.