Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Ауылшаруашылық колледжі, Сандықтау ауданы Каменка ауылы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Ауылшаруашылық колледжі, Сандықтау ауданы Каменка ауылы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жастар жылы аясындағы жаңа міндеттер

28.01.2019

Жастар  жылы  аясындағы  жаңа  міндеттер

   23 қаңтар күні №2 Агротехникалық  колледжінің қызметкерлері мен студент жастары  Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың  қатысуымен Астана қаласындағы Астана EXPO – 2017 көрмесінің «Нұрлы әлем» павильонында Жастар жылының салтанатты  ашылуын  тамашалады.

  Жастар  жылы  аясындағы  жаңа  міндеттер:

  • Астана, Алматы және  Шымкент қалаларында  жұмысшы  жастарға  арналған  1 мың тұрғын үй салу;
  • Жыл  сайын  білім  алатын жұмыссыз  жастар  мен  өзін-өзі  жұмыспен   қамтығандардың  санын  100 мыңға  дейін  жеткізу;
  • «Бизнес-2020» жол  картасының  жас кәсіпкерлерге  арналған  грант  қаражатын  екі  есеге  арттыру;
  • Үш  жыл   ішінде  бизнестің  қыр-сырына  300  мыңға  жуық     жасты  баулу;
  • «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына енгізілетін  мамандықтар  тізімін  кеңейту және  ауылға көшіп  барғаны үшін төлететін  жәрдемақы  мөлшерін  70-тен  100  айлық  есептік  көрсеткішке дейін  арттыру;
  • 2022 жылдың  соңына дейін 70 мың   орыннан  кем емес  студенттік  жатақхана құрылысымен  қамтамасыз    ету;
  • Жоғары  оқу  орындарындағы  еріктілер   қызметіне  қатысушылардың  стипендиясын   30   процентке  көтеру;
  • Ореn University жобасы  аясында  барлық  университеттер мен  колледждерде  қашықтан  оқытуды  кеңейту.
Просмотров: 429


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст