Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Ауылшаруашылық колледжі, Сандықтау ауданы Каменка ауылы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Ауылшаруашылық колледжі, Сандықтау ауданы Каменка ауылы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кезі келген - кездесу.

27.01.2017

Кезі  келген  -  кездесу.

        2017 жылдың  қаңтар  айының 26 жұлдызында,  Ақмола облысы  әкімі Кулагин  Сергей  Витальевич, Ақмола  облыстық білім  басқармасының  басшысы  Ізбасарова Балым  Сабетқызы  және Сандықтау  ауданы  әкімі 

Исмағамбетов  Асылбек  Сайлаубекұлы №2Агротехникалық  колледж   КММ  ғимаратында жүргізілген  күрделі  жөндеу  жұмыстарының нәтижесімен   танысып, колледж  ұжымы және  студент  жастармен 

кездесті.

       Сергей Витальевич «Дәнекерлеу ісі», «Фермер шаруашылығы», «Тамақтандыруды  ұйымдастыру» 

мамандықтарының  3-курс  студенттері, колледж  ұжымымен ашық  әңгіме  жүргізіп, жастардың  арман,  тілек,  өтініштерімен танысып,  қазіргі  таңдағы еліміздің  алға  қойып отырған  мақсаттары  мен міндеттерін  орындау  үшін  жұмысшы  мамандықтарының  қоғамымызға  ауадай қажет  болып  тұрғанын түсіндірді.

         Ұстаздар  қауымы мен студент  жастар  биылғы жылы  колледж  ғимаратында жүргізілген  күрделі  жөндеу 

жұмыстарына  дән  риза. Өйткені білім  мекемесінің  таза, жарық, әрі  эстетикалық  талапқа сай  болуы  жастардың 

білім  алуға  деген қызығушылықтарын  оятып,  өміге деген заманауи   көзқарастарын  өзгеше қырынан  жаңаша  ойлауға бейімдейді.

       Кездесу соңында  жас  өрендер облыс  әкімімен  естелік суретке  түсті.

       Мен, арманы  асқақ, мақсаты  айқын  мемлекетіміздің  дамуы мен өсіп-өркендеуі, гүлденуі  жолында, бар 

ынта  жігерін  аямайтын студент  жастарды  көргенде,  олармен мақтанамын  және  өзімді бақытты  санаймын. Өйткені   бүгінгі дарынды  да,  жалынды жас  қырандар  еліміздің алынбас  қамалы.

       Бейбіт өмірдің  білім  ордасында біз тек көреген де,  дарыны дара, данышпан,  Елбасыз  Нұрсұлтан 

Әбішұлы  Назарбаевтың саясатының  арқасында  қанатымызды кеңге  жайып  отырмыз, сол үшін де,   Елбасыға 

айтар  алғысымыз  шексіз! 

       Біз, Елбасымыздың,  еліміздің  үмітін ақтаймыз,  ұстанған  саясатын жақтаймыз!    

Просмотров: 426


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст