Мен - патриотпын
02.02.2017жылы «№2 Агротехникалық колледжіне» Сандықтау ауданы Қорғаныс істері бөлімінің өкілдері аға лейтенант Чокпаров Бахыт Турукулович және Эрбис Наталья Викторовна келді. Жастар жағы әскери адамдарға үлкен қызығушылық танытты. Еліміздің болашақ жас қырандары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етуге әзір екенін айтып, Отанымызды қорғауға әрқашанда дайын болуы керек, сондықтан да,әскери мамандықтардың мән-маңызы және қару-жарақпен әскери техниканың түрлерін толық меңгеруі маңызды.
Сондай-ақ еліміздегі алыс-жақын шетелдердегі әскери оқу орындарына түсу ережелері туралы Қорғаныс істері бөлімінің өкілдерімен ашық әңгіме арқылы сырлы сұхбат жүргізілді. Жыл сайын біздің колледж студенттерін салтанатты әскери есепке алуды тіркеу салтанатты түрде жүргізіледі. Еліміздің әр бір азаматы салтанатты тіркеу куәлігін алып, патриоттық тәрбие ісіне өз үлесін қосады. Біздің халқымыздың көп ғасырлық тарихы адамзат бойындағы рухани, патриоттық тәрбиемен ұштасып жатыр. Сондықтан Отансүйгіштікке баулу қашанда тәрбие құралы болып табылады.