Ауғаныстан - қасірет ізі.
Әр жылы ақпан айының 15 жұлдызында Ауған соғысында қаза тапқан жандарды еске алып, бүгінгі таңдағы көзі тірі соғысқа қатысқан адамдардың ерен еңбегі үшін, құрмет көрсетіледі.
15.02.2017 жылы колледжде әскери-патриоттық бағытта іс-шара өткізілді.
Іс-шараны кітапханашы И.Н. Мельник және психолог Ж.Т. Шурманова, «№2 АТК» КММ іс-тәжірибеден өтіп жүрген Көкшетау қаласының Ш.Уалиханов атындағы университеттің студенті А.В. Щербакова ұйымдастырды.
Студенттер Сандықтау ауданындағы соғысқа қатысушы жерлестердің өмір тарихымен танысты. Соғыс жылдарындағы ауыр да қайғылы жағдайлардың зардабы туралы арнайы фильм көрсетілді. Мұндай іс-шаралар болашақ ұрпақты Отансүйгіштік сезімге бағыттайтыны даусыз.