Қазақ тілі пәнінен өзге ұлт өкілдері арасында өткізілген олимпиада.
2017 жылы сәуір айының 6 жұлдызында Көкшетау қаласындағы №1 Құрылыс техникалық колледжінде, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері студенттерінің, арасында қазақ тілі пәні бойынша облыстық олимпиада өткізілді.
Олимпиадаға облыстағы колледждер бойынша жалпы саны 26 студент қатысты. №2 Агротехникалық колледжінен «Фермер шаруашылығы» мамандығының 1-курс студенті Вавилин Константин Михайлович қатысты.
Олимпиада ІІ-турдан құралған. І-турда студенттер берілген тақырыптардың біріне эссе жазды. ІІ- турда шешендік шеберлігін ортаға салды.
Бірінші турдан өту үшін 10 балл жинау қажет болатын. Вавилин Константин І-турдың қорытындысы бойынша, 7 балды иеленіп, ІІ-турға қатысу мүмкіндігі берілмеді.