Білімді мыңды, білекті бірді жығар.
2017 жылы сәуір айының 25 жұлдызында 1-курс студенттері арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен
конкурс өткізілді. Конкурстың мақсаты: мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті арттыру, тілге құрметпен қарауды қалыптастыру, тіл мәдениетінің деңгейін және мемлекеттік тілді қолдану беделін
арттыру, студенттердің алған білімдерінің деңгейлерін саралау.
Конкурстың І-турында студенттер «Білімдіден шыққан сөз...», «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы», «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», «Тіл – жүрек үні», «Анам менің-аялаған ақ гүлім», «Құлақтан кіріп, бойды
алар», «Менің Отаным», «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы...», «Еркін тақырып», «Қазақстанның болашағы,
жастардың қолында» тақырыптардың бірін таңдап, шағын эссе жазды.
ІІ-турда тест сұрақтары бойынша грамматикалық білімдерін ортаға салды.
Конкурсқа СПП-11 тобынан Исаченко Анна, Сухоносенко Екатерина, Малица Александра, Ситников Дмитрий,
Цимбальский Константин, Тыртычная Светлана, Ф-11 тобынан Кабасов Ерасыл, Садаков Берік, Сейтжанов Азат, Измухан Али, Ф-12 тобынан Асхабов Усман, Гостев Владимир, Кузнецов Радион жалпы саны 13
студент бақ сынады.
Конкурс қорытындысы бойынша, 16 ұпай жинаған Ф-11 тобының студенті Садаков Берік өзге достарын
басып озды. Осы топтың студенті Кабасов Ерасыл, Измухан Али 15 ұпайдан қанжығаларына байласа, СПП-11 тобының студенті Сухоносенко Екатерина 14 ұпайды иеленді.