Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Ауылшаруашылық колледжі, Сандықтау ауданы Каменка ауылы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Ауылшаруашылық колледжі, Сандықтау ауданы Каменка ауылы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы

07.09.2017

«Жаңа  гуманитарлық білім, қазақ  тіліндегі 100 

жаңа  оқулық» жобасы

 

                

Біздің әлеуметтік  және  гуманитарлық біліміміз  ұзақ  жылдар 

бойы  бір  ғана ілімнің  аясында  шектеліп, дүниеге  бір  ғана 

көзқараспен  қарауға  мәжбүр болдық. Әлемнің  үздік  100 

оқулығының   қазақ  тілінде шығуы  5-6  жылдан 

кейін-ақ  жемісін  бере бастайды. Сол  себепті,  уақыт 

ұттырмай,  ең  заманауи, таңдаулы   үлгілерді  алып, 

олардың  қазақ  тіліндегі аудармасын  жасауымыз   керек.

Н.Назарбаев

 

      Елбасы   Нұрсұлтан  Назарбаев   «Болашаққа бағдар:  рухани  жаңғыру» мақаласында  ел  дамуына зор  үлес  қосқан азаматтардың  өздерімен  олардың табысқа  жету  тарихына мән  беріп,  оларға ақпараттық  қолдау  жасап, 

танымал  етудің  жаңа мультимедиялық  алаңын  қалыптастыруға  шақырды.

      Қазіргі таңда  сөздің  емес, істің  адамына  басымдылық беріледі. Еліміздің  жаңа  технологияларға,  жаңа 

әлемдік  саяси-экономикалық  ахуалға негізделген   мүлдем  жаңа тарихи  кезеңге  аяқ басқанын, осы  тұстан   сүрінбей өту, Біртұтас Ұлт  болу  үшін қандай  қасиеттерге  ие болып, қандай  міндеттерді  еңсеру қажеттігі  жөнінде 

кеңінен  ой  толғады. 

      Елбасы  мақаласының бірінші  жартысында  кез-келген жаңғырудың  ең  алдымен ұлттық  болмысқа,  дәстүрдің 

замана  сынынан  сүрінбей өткен  озығына негізделуін  қадап айтқан.  Жаңғыру  ұлттың өз  болмысынан, мәдениеті  мен тарихынан  сусындауы, соған  сүйене отырып  іске  асуы қажет. Біз  өткенді  бағалайтын, болашағын  бағамдайтын  халықпыз. Демек, бұл  өзгерістерге үрке  қарап, тек   қана өткенді жырлай беруден,  жаңаның  бәрін 

қисық  деп  тауып, кертартпалықтан  ада болуды  талап  етеді.                                               

      «Жаңа  гуманитарлық білім,  қазақ  тіліндегі 100 жаңа  оқулық» жобасы, әлемнің  озық, заманауи  және таңдаулы 

үлгілері  негізінде  жастарға жаңа деңгейдегі  сапалы  білім беруді  қамтамасыз  етуді көздейді. 

      Қазақстан  әлемнің 30  дамыған  елінің қатарынан  табылуды мақсат тұтқан  мемлекет. Бұл  бірінші кезекте  жалпы  халық болып  жұмылатын  іс. Өйткені ондай  меже  қарапайым халықтың  өмір  сапасына әсер ететіні анық  және  оны іске  асыру  үшін әрбір  адамның  өмір сапасын  белгілі  бір деңгейге  көтеру  қажет. Алайда бұл  жоспар  өздігімен болмайтынын  ескерсек,  билік қана  емес  әрбір азаматтың  сол  бағытқа қарай  өзгеруі  талап етіледі. Сондықтан да Елбасының  бағдарламалық  мақаласындағы сананы  жаңғырту  бағытында жүктелген  міндеттер  мемлекеттік аппараттың  ғана  емес, қоғамдағы  әрбір азаматтың   жауапкершілігін  де айқындап отыр.

      Ең  әуелі, әр  адам  өзінің білімі  мен  біліктілігіне,  мәдениеті, жеке  тұлғалық қасиеттеріне,  өмірлік  дағдыларына 

мән  беру  қажет. Заман көшінен  қалыс  қалмас үшін  әрқайсымыз  «Мен тұлға және  маман ретінде өзімді  қалай  жетілдіруім керек» деген  сұрақты  өзімізге қоюымыз  қажет.

 

Просмотров: 335


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст