Мемлекеттік тіл - менің тілім
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.
21 қыркүйек 2017 жылы №2 Агротехникалық колледжі КММ «Мемлекеттік тіл - менің тілім» тақырыбында
Қазақстан Республикасы «Тілдері күніне» арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға колледж оқушылары Беспалов Евгений, Шарип Аяулым, Арабаджи Артём, Исаченко Анна, Гембух Елена, Шестернина Ирина, Васильева
Татьяна, Либерт Вероника, Шерстяк Карина, Хлебникова Анастасия және тағы басқа да студенттер белсене атсалысып, қазақ, орыс тілдерінде ән шырқап, би билеп, тілдер тақырыбында мәнерлеп жатқа өлеңдер
оқып, өз өнерлерін ортаға салды.
Мерекелік шараға «Сандықтау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тілдерді оқыту орталығы» КММ
басшысы, М.С.Қопабаев , колледж тыңдаушыларына 2014-2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы мемлекеттік, азаматтық қызметшілерге арналған мемлекеттік тілді оқытудың үш деңгейлік жүйесіне сәйкес «ҚАЗТЕСТ» бағдарламасының А-2 деңгейін табысты аяқтағаны үшін сертификат табыстады.