Абай оқулары
Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау
арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген студент жастардың ықыласын арттыру әрі
еліміздің рухани бірлігін нығайту мақсатында колледж студенттері арасында «Абай оқулары» байқауы өткізіледі. Төрткүл әлемге қазақтың қара сөзімен, терең мазмұнды өлең-жырларымен, тамаша
аудармаларымен әйгілі болған Ұлы Абайдың құрметіне арналған байқау 2018 жылдың 15 ақпан
күні өткізіледі.
Байқаудың ЕРЕЖЕСІ
1. Көркемсөз оқу шеберлігін айқындау:
- Арнайы берілген тақырып бойынша шығарма жазу. (үй тапсырмасы)
- Абай шығармаларын (білім, ғылым, және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын
немесе қара сөзін) жатқа мәнерлеп оқу. Орындау уақыты 5-7 минуттан аспауы тиіс.
- Абайдың өмір жолы, шығармашылығы туралы тест сұрақтарына жауап беру.
- Қосымша өнері болған жағдайда, мысалы әншілік қабілетін таныту:
Қазақтың халық әнін және Абайдың әнін орындау (1ән) Уақыты 3-5 минуттан аспауы тиіс.
2. Үміткерлер өнерін бағалау
кезінде:
-
үй тапсырмасы, шығарманың жазылу
сауаттылығы, мазмұнына;
-
көркем мәтінді
талғау және оқу шеберлігіне;
-
қазақ тілінің
орфоэпиялық нормаларын сақтап
сөйлеуіне;
-
қосымша орындаған
жағдайда, ән орындау шеберлігіне;
-
сахналық өнер
көрсету мәдениетіне және
қазақтың ұлттық киім
үлгісіне назар аударылады.
Байқау
жеңімпаздары қазылар алқасының
шешіміне сәйкес алғыс хаттармен марапатталады.